Бүгін Codemy LMS платформасына авторлық құқықпен қорғалатын объект ретінде мемлекеттік куәлік алдым. Платформа Қазақстан Республикасының авторлық құқық объектілерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. 

Codemy LMS — онлайн оқыту платформасы. Онда курстар жариялауға, сабақтарды басқаруға, тапсырмалар беруге, студенттердің оқу прогресін бақылауға және білім беру процесін автоматтандыруға болады.

Бұл жобаға бір жылдан астам уақыт жұмсалды. Осы уақыт ішінде көптеген жаңа технологияларды зерттеп, түрлі шешімдерді сынап көріп, платформаны біртіндеп дамытып келеміз.

Әзірге бұл үлкен жолдың басы ғана. Алда платформаны одан әрі жетілдіру, жаңа мүмкіндіктер қосу және оны көптеген қолданушыларға пайдалы ету жоспарда бар.

Осындай нәтижеге жетуге көмектескен барлық әріптестеріме алғыс білдіремін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *