Бастапқы және соңғы индексті беру арқылы сөзді мәтіннен қиып алуға болады.
Мысалы
2 және 5 позицияларының арасындағы таңбаларды оқу
b = "Salem, Alem!"
print(b[2:5])
Нәтижесі
lem
Мәтінде индекс 0-ден басталады. Яғни,
[0]-«S» [1]-«a» [2]-«l» [3]-«e» [4]-«m» [5]-«,» [6]-« » [7]-«A» [8]-«l» [9]-«e» [10]-«m«
Біз интервалды 2-5 деп көрсеттік, бірақ, python соңғы индексті алмайды, сондықтан шын мәнінде 2-4 арасындағы таңбалар алынады. Яғни, «lem»
Мәтінді басынан қию
Егер бастапқы индексті көрсетпесек, онда мәтін бірінші таңбадан қиылады
b = "Salem, Alem!"
print(b[:5])
Яғни, 0-4 индекс арасындағы таңбаларды алу. Яғни, «Salem»
Мәтінді аяғына дейін қию
Соңғы индексті көрсетпесек, онда мәтін соңына дейін қиылады
Мысал
2 индекстен соңына дейін оқу
b = "Salem, Alem!"
print(b[2:])
Нәтижесі
lem, Alem!
Теріс индекстер
Мәтінді аяғынан қиып алу үшін теріс индексті қолдануға болады
Мысал
Таңбаларды оқу:
«A»-дан бастап (индекс -5)
«m»-ге дейін, бірақ «m» кірмейді (индекс -2)
Яғни, -5 пен -3 индекстеріне кіретін таңбалар алынады
b = "Salem, Alem!"
print(b[-5:-2])
Нәтижесінде
Ale
шығады