Операторлар айнымалымен белгілі бір операция орындау үшін қолданылады
Төмендегі мысалда біз + операторын екі мәнді қосу үшін қолданып жатырмыз.
Мысал
int x = 100 + 50;Жоғарыда келтірілген мысалды + операторы екі мәнді қосу үшін қолданылғанымен, оны мән мен айнымалыны, айнымалы мен айнымалыны қосу үшін де қолдануға болады
int sum1 = 100 + 50; // 150 (100 + 50)
int sum2 = sum1 + 250; // 400 (150 + 250)
int sum3 = sum2 + sum2; // 800 (400 + 400)Арифметикалық операторлар
| Оператор | Аты | Сипаттамасы | Мысал |
| + | Қосу | Екі мәнді қосу | x+y |
| — | Алу | Бір мәннен екінші мәнді алып тастау | x-y |
| * | Көбейту | Екі мәнді бір-біріне көбейту | x*y |
| / | Бөлу | Бір мәнді екінші мәнге бөлу | x/y |
| % | Модуль | Бөлудің қалдығын қайтарады | x%y |
| ++ | Инкремент | Айнымалының мәнін бірге арттыру (+1) | x++ |
| — | Дикремент | Айнымалының мәнін бірге кеміту (-1) | x— |