Деректер типтері дегеніміз не? Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік. Мысалы, суды сақтау үшін бізге ыдыс керек, жанармайды сақтау үшін бізге канистра керек. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін бізге тоңазытқыш керек.

Мінекей, сол сияқты ақпаратты сақтау үшін бізге жады керек. Бірақ, ақпараттың түрлері көп, мысалы сан, ол өз алдына ақпараттың бір түрі. Онымен біз қосу, алу, көбейті және бөлу сияқты арифметикалық операциялар орындай аламыз. Ал мәтін ол өз алдына бөлек ақпарат түрі болып саналады. Онымен біз мысалы сөздерді қосып, сөйлем құрай аламыз. Айтпақшы сөздерді қосу бағдарламалауда конкатенация деп аталады. Немесе кіші әріпті үлкен әріпке, ал үлкен әріпті кіші әріпке айналдыра аламыз. Немесе сөйлемде керек сөз бар ма, жоқ па, соны тексере аламыз. Мінекей, әр ақпараттың түрін сақтау үшін бізге оларды сақтауға мүмкіндік беретін ережелер керек. Осы ережені біз деректер типі деп атаймыз.

Бағдарламалауда деректердің типтерін дұрыс жариялау өте маңызды

Python тілінде келесі деректер типі бар:

  • Мәтіндік тип — str
  • Сандық типтер — int, float, complex
  • Тізбек типтері — list, tuple, range
  • Сәйкестендіру типтері — Map
  • Логикалық тип — bool
  • Бинарлық типтер — bytes, bytearray, memoryview
  • None типі — NoneType

Integer

Integer типі 1, 5 немесе -3 сияқты бүтін сандарды сақтауға арналған.

Float

Float 1.15, 5.34 сияқты бөлшек сандарды сақтауға арналған тип.

Деректің типін анықтау

Кез-келген объектінің типін type() функциясы арқылы анықтауға болады

Мысал. x айнымалының типін дисплейге шығару

x = 5
print(type(x))

Нәтижесі:

<class 'int'>

Деректер типін орнату

МысалТипі
x = «Hello World»str
x = 20int
x = 20.5float
x = 1jcomplex
x = [«alma», «banan», «shie»]list
x = («alma», «banan», «shie»)tuple
x = range(6)range
x = {«country»: «Kazakhstan», «population»: «20mln»}dict
x = {«alma», «banan», «shie»}set
x = Truebool
x = b»Salem»byte
x = bytearray(5)bytearray
x = None NoneType

Нақты деректер типін орнату

Айнымалыға нақты бір типті беруге болады. Ол үшін:

x = str(«21903034») бұл жерде тип int емес, str болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *