Осы мақалада NVM орнатуды үйренеміз.

NVM деген не?

Node Version Manager аты айтып тұрғандай Node нұсқасын басқаруға арналған құрал.

Сіздің компьютеріңізде әр түрлі жоба әр түрлі Node нұсқасын талап етуі мүмкін.

Мысалы, егер сіз 12.0.0 нұсқадағы Node қолданатын жобада 10.0.0 нұсқасын қолдансаңыз, онда қате шығуы мүмкін.Ал егер сіз npm көмегімен 12.0.0 нұсқасын орнататын болсаңыз, онда 10.0.0 нұсқасымен жұмыс жасайтын жобаларыңыз істемей қалуы мүмкін.

Былай айтқанда, сіз мынадай қате алуыңыз мүмкін

This project requires Node version X

Жобаға керек Node нұсқасын npm арқылы орнатып, керек емес нұсқасын өшірудің орнына біз nvm қолдана аламыз.

NVM көмегімен біз Node әртүрлі нұсқасын орнатып, керек кезде бізге керек нұсқаға ауыса аламыз.

NVM-ді Windows-қа қалай орнатамыз

Негізі NVM-ді Linux және Mac қолдайды. Ол Windows ОЖ-ін қолдамайды. Алайды coreybutler осыған ұқсас nvm-windows жобасын құрды.

nvm-windows құралы Windows жүйесіндегі Node нұсқасын басқаруға арналған. Енді оны қалай орнататынын көрейік

«Download Now» басыңыз

nvm-windows repository Readme сілтемесін басып, «Download Now!» батырмасын басыңыз.

Осыдан кейін NVM релиздерінің тізімі шығады

.exe соңғы релизын жүктеңіз.

nvm-setup.exe файлын жүктеңіз

Орнатуды аяқтау

Жүктелген файлды орнатыңыз. NVM орнатылып болғаннан кейін, оның дұрыс орнатылғанын терминал арқылы тексеруге болады. Терминалда

nvm -v

командасын орындаңыз. Егер nvm дұрыс орнатылған болса, онда терминал nvm нұсқасын көрсетеді.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *