бұл мәтіндік жолдағы арнайы символдарды көрсету үшін пайдаланылатын кері көлбеу сызық \
(backslash). Кері көлбеу сызықтан кейін арнайы символды немесе басқару символын жазу арқылы, біз сол символды жол ішінде қолдана аламыз.
Негізгі Escape таңбалар тізімі
Python тілінде жиі қолданылатын escape character символдарына мыналар жатады:
\\
— Кері көлбеу сызық (\
).\'
— Жалқы тырнақша ('
).\"
— Қос тырнақша ("
).\n
— Жаңа жол (newline).\t
— Табуляция (tab).\r
— Каретаны қайта орнықтыру (carriage return).\b
— Артқа кету (backspace).\f
— Бет үзілісі (form feed)
Мысалдар
quote = 'Бауыржан Момышұлы: "Тәртіпке бағынған құл болмайды."'
escaped_quote = 'Бауыржан Момышұлы: \"Тәртіпке бағынған құл болмайды.\"'
print(escaped_quote)
Бұл мысалда біз тырнақшаларды көрсету үшін \"
escape таңбасын пайдаландық
multiline_string = "Бұл бірінші жол.\nБұл екінші жол."
print(multiline_string)
"\n"
символы жаңа жолға ауысуды білдіреді.
tabbed_string = "Санаттар:\n\t- Әдебиет\n\t- Ғылым\n\t- Өнер"
print(tabbed_string)
"\t"
символы табуляцияны көрсетеді.
path = "C:\\Program Files\\Python"
print(path)
Кері көлбеу сызықтың өзін көрсету үшін "\\"
символы қолданылады.