Python программалау тілінде tuple — деректерді топтастыру үшін қолданылатын, өзгермейтін тізбектер түрі. Tuple негізгі ерекшелігі – олардың өзгермейтіндігі, яғни tuple құрылғаннан кейін оның элементтерін өзгертуге, өшіруге немесе жаңасын қосуға болмайды. Бұл қасиет tuple тұрақты деректерді сақтау үшін қолайлы етеді.
Tuple сипаттамалары
- Өзгермейтіндік (Immutable): Tuple негізгі артықшылығы – олардың өзгермейтіндігі. Бұл қасиет деректердің кездейсоқ өзгеруінен қорғайды және tuple хэш-кестелер сияқты мәліметтер құрылымдарында пайдалануға мүмкіндік береді.
- Тәртіптілік (Ordered): Tuple тізбектелген деректер құрылымы болғандықтан, олардың элементтері белгілі бір реттілікте сақталады және сол реттілік бойынша қол жетімді болады.
- Гетерогенділік (Heterogeneous): Tuple әртүрлі типтегі деректерді сақтауға болады. Мысалы, бір tuple бүтін сан, мәтіндік жол және басқа да типтер болуы мүмкін.
Tuple құру
Tuple құру үшін дөңгелек жақшаларды (()
) пайдаланамыз. Мысалы:
# Бос tuple
bos_tuple = ()
# Бірнеше элементтен тұратын tuple
menes_tuple = (1, 2, 3)
# Әртүрлі типтегі элементтері бар tuple
ar_turli_tap = (1, "мәтін", 3.14, True)
Егер tuple бір ғана элемент болса, оны құрғанда элементтен кейін үтір қою керек:
# Бір элементті tuple
bir_element_tuple = (42,)
Tuple элементтерін оқу
Tuple элементтеріне индекс арқылы қол жеткізуге болады. Индекс 0-ден басталады:
menes_tuple = (1, 2, 3)
birinshi_element = menes_tuple[0] # 1-ші элемент
ekinshi_element = menes_tuple[1] # 2-ші элемент
Tuple элементтерін теріс индекстер арқылы да алуға болады:
son_element = menes_tuple[-1] # Соңғы элемент
Tuple-ды өзгерту
Tuple өзгермейтіндігіне қарамастан, олардан жаңа tuple құруға болады:
tuple1 = (1, 2, 3)
tuple2 = (4, 5)
# Жаңа tuple қосу арқылы құру
zhan_tuple = tuple1 + tuple2 # (1, 2, 3, 4, 5)
# Tuple элементтерін қайталау
kaitalan_tuple = tuple1 * 2 # (1, 2, 3, 1, 2, 3)
Tuple қолдану мысалы
Tuple көбінесе тұрақты деректерді сақтау үшін, функциялардан бірнеше мәндерді қайтару үшін, және хэш-кестелерде (мысалы, dict кілттері ретінде) қолданылады:
# Бірнеше мәндерді қайтару
def koordinatalar():
return (10, 20)
x, y = koordinatalar()
print(f"X координатасы: {x}, Y координатасы: {y}")
# Хэш-кестелерде tuple қолдану
student_bagalar = {("Айжан", "Мейіржан"): 95, ("Бекжан", "Серікбай"): 88}