Коммент кодты түсіндіру үшін қолданылады

Коммент кодтың оқылуын жеңілдету үшін қолданылады

Коммент сынақтан өткізу барысында кодтың орындалуын болдырмау үшін қолданыла алады.

Коммент қосу

Коммент # белгісі арқылы жарияланады. Осы белгіден кейінгі мәтінді python орындамайды

Мысалы

#Бұл комментарий
print("Hello, World!")

Коммент жолдың аяғында да берілуі мүмкін. Интерпретатор # белгісінен бастап жолдың аяғына дейін орналасқан мәтінді орындамайды

print("Hello, World!") #Бұл комментарий

Коммент кодты түсіндіру үшін ғана емес, оның орындалуын болдырмай мақсатында да қолданыла алады. Мысалы

#print("Hello, World!")
print("Cheers, Mate!")

Бұл жерде print(«Hello, World!») орындалмайды. Себебі # белгісінен кейін орналасқан

Көпжолды коммент

Python-да көпжолды коммент қолданылмайды. Әдетте әр жолдың алдына # белгісін қою арқылы орындалады

#Бұл коммент.
#ол бірнеше
#жолда орналасқан
print("Hello, World!")

Немесе осы мақсатта көпжолды string қолдануыңызға болады.

Python айнымалыға меншіктелген литералдарды оқымайтындықтан, «»» белгілерінің арасына өзіңіздің комментіңізді қосуыңызға болады.

"""
Бұл коммент.
ол бірнеше 
жолда орналасқан
"""
print("Hello, World!")

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *