Айнымалылар мәнді сақтауға қолданылады

Айнымалыны құру

Python-да айнымалыны жариялауға арналған команда жоқ.

Айнымалы оған алғаш рет мән мешіктелген кезінде құрылады

Мысалы

x = 5
y = "Kenesary"
print(x)
print(y)

Айнымалыларға белгілі бір тип берудің қажеті жоқ. Айнымалы алғаш рет меншіктелген кейін де типін өзгерте алады.

Мысалы

x = 4       # x айнымалының типі int
x = "Raiymbek" # ал енді x айнымалының типі str
print(x)

Типін түрлендіру

Егер мәннің типін өзгерткіңіз келсе, онда түрлендіруді қолдана аласыздар

x = str(3)    # x мәні '3' болады
y = int(3)    # y мәні 3 болса
z = float(3)  # ал z мәні 3.0 болады

Типін анықтау

Айнымалының типін анықтау үшін type() функсиясын қолдана аласыз.

Мысалы

x = 5
y = "Abylai"
print(type(x))
print(type(y))

Жалғыз немесе қос тырнақша

string мәні жалғыз тырнақшамен де, қос тырнақшамен де беріле береді

x = "Kerei"
# және
x = 'Kerei'
# бірдей

Регистрге сезімтал

Айнымалының аты регистрге сезімтал болып келеді

a = 4
A = "Janibek"
# Бұл жерде a айнымалысының мәні өзгермейді. 
# Себебі A айнымалысы басқа айнымалы болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *