Python мәтінді өзгертуге мүмкіндік беретін түрлі методтарға ие.
Үлкен әріпке айналдыру
upper() методы берілген мәтінді үлкен әріпке түрлендіріп, қайтарып береді.
Мысалы
a = "Salem, Alem!"
print(a.upper())
Нәтижесінде мына мәтін шығады
SALEM, ALEM!
Кіші әріптерге айналдыру
lower() методы мәтінді кіші әріптерге түрлендіріп, қайтарады.
Мысалы
a = "Salem, Alem!"
print(a.lower())
Нәтижесінде мына мәтін шығады
salem, alem!
Бос орындарды өшіру
strip() методы мәтіннің басындағы және аяғындағы бос орындарды өшіруге мүмкіндік береді.
Мысалы
a = " Salem, Alem! "
print(a.strip()) # "Salem, Alem!" - ге айналады
Мәтінді ауыстыру
replace() методы белгілі мәтінді басқа мәтінмен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Мысалы
a = "Salem, Alem!"
print(a.replace("S", "C"))
Нәтижесінде мына мәтін дисплейге шығады
Calem, Alem!
Мәтінді бөлшектеу
split() методы берілген бөлгіш бойынша мәтінді тізімге түрлендіреді. Біздің мысалда бөлгіш ретінде үтір белгісі тұр. Нәтижесінде екі елементтен тұратын тізім шықты.
a = "Salem, Alem!"
print(a.split(",")) # ['Salem', ' Alem!'] қайтарады