Біз мәтін мен санды төмендегідей біріктіре алмаймыз.

age = 36
txt = "Menin atym Gani, Menin jasym " + age
print(txt)

бұл мысал қату тудырады.

Бірақ біз мәтін мен санды format() методы арқылы біріктіре аламыз.

format() методы берілген аргументтерді алып, оларды форматтап, {} плейсхолдері тұрған жерге қойып шығады.

Мысал

age = 36
txt = "Menin atym Gani, Menin jasym {}"
print(txt.format(age))

format() методы аргументтердің шексіз санымен жұмыс істеу алады.

Мысал

quantity = 3
itemno = 567
price = 4995
myorder = "Men {} tauarynyn {} tuiurin {} tengege satyp aldym."
print(myorder.format(itemno, quantity, price))

Нәтижесінде «Men 567 tauarynyn 3 tuiurin 4995 tengege satyp aldym» мәтіні шығады

Берілген аргумент дұрыс жерде шығуы үшін индексті {0} қолдануға болады.

Мысал

quantity = 3
itemno = 567
price = 4995
myorder = "Men zatty {2} tengege satyp aldym. Barlygy {0} tuiur. Nomiri {1}."
print(myorder.format(quantity, itemno, price))

Бұл жерде аргумент берілген реті бойынша қойылады. Біздің мысалда бірінші аргументіміз (аргумент бірінші болғанымен, индекс 0-ден басталады) quantity, сондықтан ол {0} плейсхолдері тұрған жерге шығады. Одан кейін itemno, ол {1} тұрған жерге шықса, ал price — {2} тұрған жерге шығады. Нәтижесінде дисплейге «Men zatty 4995 tengege satyp aldym. Barlygy 3 tuiur. Nomiri 567» мәтіні шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *