Python тілінде мәтін немесе string(ағылшынша атауы) жалғыз тырнақшаға немесе қос тырнақшаға алынады.
‘Armysyn’ және «Armysyn» бірдей мән болып табылады.
Мәтінді экран бетіне print() командасы арқылы шығаруға болады
Мысалы:
print("Armysyn")
print('Armysyn')
Мәтінді айнымалғы меншіктеу
Айнымалыға мәтінді меншіктеу үшін анымалының атын, тең белгісі жәні мәтінді көрсету керек.
Мысал:
a = "Armysyn"
print(a)
Көпжолды мәтін
Көпжолды мәтінді айнымалыға меншіктеу үшін үш тырнақшаға алуымыз керек.
Мысал:
a = """Lorem ipsum dolor sit amet,
consectetur adipiscing elit,
sed do eiusmod tempor incididunt
ut labore et dolore magna aliqua."""
print(a)
Немесе үш жалғыз тырнақшаларға алуға болады
a = '''Lorem ipsum dolor sit amet,
consectetur adipiscing elit,
sed do eiusmod tempor incididunt
ut labore et dolore magna aliqua.'''
print(a)
String массив болып табылады
Басқа бағдарламалау тілдері сияқты Python-да да string ол байттар тізбегін сақтайтын массив болып табылады.
Алайда, Python тілінде жалғыз символды сақтайтын char типі жоқ. Ол жай ғана бір символдан тұратын string.
string типінің елементтерін оқу үшін тік жақшалар қолданылады
a = "Salem, Alem!"
print(a[1])
Мәтінді цикл арқылы өткізу
string массив болып табылғандықтан, біз оның елементтерін for циклы арқылы оқи аламыз.
Мысал
for x in "taptauryn":
print(x)
Бұл жерде біз for циклы арқылы «taptauryn» сөзінің әріптерін оқып жатырмыз
Нәтижесінде консолға осы мәтін шығады
t
a
p
t
a
u
r
y
n
Мәтіннің ұзындығы
Мәтіннің ұзындығын алу үшін len() функциясын қолданыңыз
a = "Salem, Alem!"
print(len(a))
Нәтижесінде 12 шығады.
Сөздің немесе символдың мәтінде бар екенін тексеру
Белгілі бір сөздің немесе таңбаның мәтінде бар екенін тексеру үшін in кілт сөзін қолдана аламыз
txt = "Eshteneden korykpa, tek alga umtyl!"
if "korykpa" in txt:
print("Ya, 'korykpa' sozi matinde bar.")
Бұл жерде егер «korykpa» сөзі мәтінде бар болса, онда дисплейге «Ya, ‘korykpa’ sozi matinde bar.» шығады