Python өте танымал интерактивті, объектілі бағытталған, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі.
Оны 1985-1990 жылдар аралығында Гуидо Ван Россум құрған.
Бүгінгі таңда Python өте үлкен сұранысқа ие тіл болып табылады. Ірі компаниялар Python программалаушыларын уебсайт, бағдарлама жасауға немесе Data Science, AI, ML технологияларымен жұмыс істеуге алып жатыр. Оны қолданып жатқан компаниялардың тізімін көрсету мүмкін болмаса да, кей атақты компанияларды көрсетіп кетейік:
Intel
NASA
Paypal
IBM
Amazon
Netflix
Uber
және т.б.
Python орнату үшін https://python.org/ өтіңіз
Python — интерпретацияланған бағдарламалау тілі. Яғни, сіз оны орындау үшін мәтін редакторы арқылы .py файлын құрып, оны python интерпретаторына орындауға бересіз.
Python файлын орындау үшін терминалда былай жазуыңыз керек.
C:\Users\Сіздің атыңыз>python helloworld.py
Бұл жерде helloworld.py сіздің python файлыңыз
Біздің алғашқы helloworld.py атты python файлымызды кез келген мәтіндік редактормен жазып көрейік
helloworld.py
print("Hello, World!")
Файлыңызды сақтап, терминалды ашып, файл орналасқан каталогқа өтіп, мына команданы теріңіз
C:\Users\Сіздің атыңыз>python helloworld.py
Нәтижесінде
Hello, World!
шығуы керек.
Құттықтаймыз, сіз өзіңіздің алғашқы python бағдарламаңызды жаздыңыз.