Шегініс кодтың басындағы бос орынға қатысты.

Басқа бағдарламалау тілдерінде шегініс жәй ғана кодты оқуды жеңілдету үшін ғана қолданылса, ал python үшін шегініс өте маңызды.

Python шегіністі кодтың блогын анықтау үшін қолданады

Мысалы

if 5 > 2:
  print("Five is greater than two!")

Ал егер шегіністі көрсетпесеңіз, онда python қате береді. Бұрыс кодтың мысалы

if 5 > 2:
print("Five is greater than two!")

Сіз бір блоктың ішіндегі шегіністі бірдей беруіңіз керек. Әйтпесе python қате береді. Мысалы, былай жасаған дұрыс емес

if 5 > 2:
 print("Five is greater than two!") 
        print("Five is greater than two!")

Дұрысы былай

if 5 > 2:
 print("Five is greater than two!") 
 print("Five is greater than two!")

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *