Функцияның сыртында құрылған айнымалыны — глобалды айнымалы деп атайды.

Глобалды айнымалыларды функцияның ішінде болсын, сыртында болсын барлық жерде қолдануға болады.

Мысал. Айнымалыны функцияның сыртында жариялап, оны функцияның ішінде қолдана беруге болады.

x = "keremet"

def myfunc():
  print("Python - " + x)

myfunc()

Егер функцияның ішінде дәл сондай атпен айнымалы құрсаңыз, онда ол локалды айнымалы болып табылады. Ол тек функцияның ішінде ғана қолданыла алады. Ал глобалды айнымалы болса өзгеріссіз қалады.

x = "keremet"

def myfunc():
  x = "tamasha"
  print("Python - " + x)

myfunc()

print("Python - " + x)

Осы кодты орындасақ, ол бізге келесідей нәтиже береді

Python - tamasha
Python - keremet

global кілтсөзі

Әдетте, функцияның ішінде айнымалы жасағанда, бұл айнымалы жергілікті айнымалы болады және оны тек сол функцияның ішінде ғана пайдалануға болады.

Функцияның ішінде глобалды айнымалыны құру үшін global кілтсөзін қолдануға болады

def myfunc():
  global x
  x = "keremet"

myfunc()

print("Python - " + x)

Нәтижесі:

Python - keremet

Сонымен қатар, функцияның ішінде глобалды айнымалыны өзгерту үшін де global кілтсөзін қолдану керек.

x = "keremet"

def myfunc():
  global x
  x = "tamasha"

myfunc()

print("Python - " + x)

Нәтижесінде:

Python - tamasha

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *