Әдетте Python-ның print() функциясы айнымалының мәнін дисплейге шығаруға қолданылады
Мысалы
x = "Python keremet"
print(x)дисплейге келесі мәтін шығады
Python keremetСонымен қатар, үтірмен бөлу арқылы бірнеше айнымалыны шығаруға болады
x = "Python"
y = "keremet"
z = "eken"
print(x, y, z)Нәтижесінде келесі мәтін шығады
Python keremet ekenБірнеше айнымалыны шығару үшін + операторын да қолдануыңызға болады
x = "Python"
y = "keremet"
z = "eken"
print(x + y + z)Бұл жерде де мына мәтін дисплейге шығады
Python keremet ekenСандар үшін + математикалық оператор ретінде жұмыс істейді
x = 5
y = 10
print(x + y)нәтижесінде шығатыны:
15print() функциясында + операторы арқылы мәтін мен санды біріктіруге тырыссаңыз, қате орын алады. Төменгі мысал қате болып табылады
x = 5
y = "Tikushaq"
print(x + y)Оның орнына әртүрлі типтегі айнымалыны біріктіру үшін үтір таңбасын қолданған жөн
x = 5
y = "Tikushaq"
print(x, y)Нәтижесінде келе мәтін шығады
5 Tikushaq