Айнымалының аты x немесе y сияқты қысқа болуы мүмкін, сонымен қатар age, city, phone сияқты болуы мүмкін. Python-да айнымалыға қолданылатын ережелер:

  • айнымалының аты әріппен немесе _ символымен басталуы керек
  • айнымалының аты саннан басталмау керек
  • айнымалының аты A-z, 0-9 және _ символдарынан ғана тұра алады
  • айнымалының аты регистрге сезімтал (age, Age және AGE үш түрлі айнымалы болып табылады)
  • айнымалының аты Python кілт сөздерінің бірі бола алмайды

Айнымалының дұрыс аттары

myvar = "Kenesary"
my_var = "Kenesary"
_my_var = "Kenesary"
myVar = "Kenesary"
MYVAR = "Kenesary"
myvar2 = "Kenesary"

Айнымалының бұрыс аттары

2myvar = "Kenesary"
my-var = "Kenesary"
my var = "Kenesary"

Бірнеше сөзден тұратын айнымалының аттары

Бірнеге сөзден тұратын айнымалының аттарын оқу қиың болуы мүмкін

Сол үшін оқуды жеңілдету үшін мына әдістерді қолданып көрсеңіздер болады

Camel Case

Бірінше сөзден басқасының барлыңы үлкен әріппен басталады

myVariableName = "Alpamys"

Pascal Case

Барлық сөз үлкен әріппен басталады

MyVariableName = "Alpamys"

Snake Case

Әрбір сөз астын сызу таңбасымен бөлінеді

my_variable_name = "Alpamys"

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *