Біріншіден, Android Studio-да терминалды ашып, мына команданы орындаймыз
firebase loginFlutterFire CLI орнатамыз. Ол үшін мына команданы орындаймыз
dart pub global activate flutterfire_cliЕнді Flutter жобамызды Firebase-пен байланыстыру үшін оны баптайық. Ол үшін
flutterfire configureкомандасын терминалда орындаймыз.
Бұл командан не істейді?
- Платформаны (iOs, Android, Web) таңдауды сұрайды. Біздің жағдайда үш платформада керек болғандықтан, бәрін таңдаймыз.
- Firebase конфигурациялық файлын firebase_options.dart құрып, оны lib/ каталогына сақтайды.
- Gradle қондырмаларын орнатады
Осыдан кейін Flutter жобасына firebase_core дерекханасын орнатуымыз керек. Ол үшін
flutter pub add firebase_coreкомандасын орындаймыз
lib/main.dart файлында Firebase core қондырмасымен конфигурациялық файлын жүктейік
import 'package:firebase_core/firebase_core.dart';
import 'firebase_options.dart';lib/main.dart файлында DefaultFirebaseOptions объектісін қолдана отырып, Firebase-ті инициализациялайық.
await Firebase.initializeApp(
  options: DefaultFirebaseOptions.currentPlatform,
);Енді жобаны қайта жинайық. Ол үшін терминалда
flutter runкомандасын орындайық.
Мінекей, енді Firebase Auth, Firebase Firestore және т.б. сияқты Firebase функцияларын біздің жобада еркін қолдана беруге болады.