as, is және as! операторлары типті тексеру үшін арналған

ОператорСипаттамасы
asтипке түрлендіру
isобъект көрсетілген типті болса, онда true
is!объект көрсетілген типті болмаса, онда true
Dart. Типті тексеру операторлары

obj is T қай кезде true болады? Егер obj типі T болса ғана.

as операторын объектіні белгілі типке түрлендіру үшін қолдану керек. Бірақ, объект шынымен де сол типке қатысы бар екеніне көзіңізді жеткізгеніңіз абзал, әйтпесе қате туындауы мүмкін.

(employee as Person).firstName = 'Ermek';

Егер объектінің типі T екеніне күмәндансаңыз, онда is операторын қолданып, тексеріп алыңыз

if (employee is Person) {
  // Type check
  employee.firstName = 'Erkin';
}

Назар аударыңыз! Егер employee мәні null болса немесе типі Person болмаса, онда бірінші мысал қате тудырады, ал екіншісі тудырмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *