Операторлар айнымалымен белгілі бір операцияны орындауға мүмкіндік береді.
Dart келесі арифметикалық операторларды қолдайды
| Оператор | Мағынасы |
| + | қосу |
| — | алу |
| * | көбейту |
| / | бөлу |
| ~/ | integer қайтаратын бөлу |
| % | екі integer санын бөлгеннен кейін қалатын қалдық |
Мысал
var a = 5 + 7; // Нәтижесінде a = 12
var b = 7 - 5; // b = 2
var c = 2 * 3; // c = 6
var d = 5 / 2; // d = 2.5, ал типі double
var e = 5 ~/ 2; // e = 2, типі integer
var f = 5 % 2; // f = 1, қалдықСонымен қатар Dart қос префикс және постфикс операторларын қолдайды.
| Оператор | Мағынасы |
| ++var | var = var + 1 (өрнектің мәні var + 1) |
| var++ | var = var + 1 (өрнектің мәні var) |
| —var | var = var — 1 (өрнектің мәні var — 1) |
| var— | var = var — 1 (өрнектің мәні var) |
Мысал
int a;
int b;
a = 0;
b = ++a; // a мәнін бірге арттырып барып b айнымалыға меншіктеу.
assert(a == b); // 1 == 1
a = 0;
b = a++; // b мәнін алғаннан кейін барып a мәнін бірге арттыру.
assert(a != b); // 1 != 0
a = 0;
b = --a; // a мәнін бірге азайтып барып b айнымалыға меншіктеу.
assert(a == b); // -1 == -1
a = 0;
b = a--; // b мәнін алғаннан кейін барып a мәнін бірге азайті.
assert(a != b); // -1 != 0