Айнымалыны жариялап, оған мән меншіктеудің мысалы

var name = 'Aisaule';

Айнымалылар сілтемелерді сақтайды. name деп аталатын айнымалыда «Aisaule» мәні бар String нысанына сілтеме бар.

Бұл мысалды name айнымалының типі String болады. Себебі, оған String типті мән меншіктелген. Бірақ басқа тип беру үшін var кілтсөзінің орнына айқын түрде айнымалы типін беруге болады. Ал егер айнымалы түрлі типтегі мәнді сақтау керек болса, онда оған Object типін берген дұрыс.

Object name = 'Aisaule';

Айнымалының типін айқын түрде беру

String name = 'Aisaule';

Дефолт мән

nullable типті айнымалы бері үшін типтен кейін ? белгісін қою керек. Сол кезде меншіктелмеген айнымалының дефолт мәні null болады.

int? lineCount;

Бұл жерде int типінен кейін ? белгісін қою арқылы, lineCount айнымалысы null мәнін сақтай алады деп көрсеттік.

Ал егер ? қоймасаңыз, онда айнымалы null мәнін сақтай алмайды деп есептеледі. Сол үшін айнымалыны қолданбас бұрын, оған мән меншіктеу керек болады.

int lineCount = 0;

Айнымалыны жариялау кезінде оған мән меншіктемесе де болады, алайда, оны қолданар алдында оған мән меншіктелуі керек. Келесі мысалдағы код қатесіз орындалады, себебі lineCount айнымалысы print() функциясында қолданылар алдында мәні меншіктелген.

int lineCount;

if (weLikeToCount) {
  lineCount = countLines();
} else {
  lineCount = 0;
}

print(lineCount);

Кешіктірілген айнымалылар

late модификаторын екі жағдайда қолдануға болады:

  • Айнымалыны жариялап, мәнін кейін меншіктеу үшін
  • Айнымалыны жалқау инициализациялау үшін

Final және const

Егер айнымалының мәні өзгермейтінін білсеңіз, онда var немесе типті айқын көрсетудің орнына final немесе const қолдануға болады. final айнымалысы тек бер рет қана меншіктеуге болады, ал const компиляция кезінде меншіктеледі.

final айнымалыны жариялау мысалы

final name = 'Gaziz'; // типін көрсетпей жариялау
final String nickname = 'Gaziz';

final айнымалыны бір рет меншіктегеннен кейін мәнін өзгерте алмайсыз

name = 'Dariha'; // Error: a final variable can only be set once.

бұл код қате тудырады

Айнымалыны компиляция барысында константаға айнылдыру үшін const кілтсөзін қолданыңыз.

Мысал

const pi = 3.14; // pi sany
const double udeu = 9.18; // Erkin tusu udeui

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *