Сәлем, менің атым Ғани

Мобилді қолданбаларды кәсби түрде жасап жүргеніме 5 жылдан асты.

Мен 30-дан астам мобилді қолданба жазып шыққанмын. Ең үздік жобаларымның бірі — Sazalem музыкалық стриминг платформасы. Оның жүктеу саны 1.5 миллионнан асып, мен жайлы тіпті Forbes жазған болатын. Кейін ол платформаны сатып жібердім.

Егер осындай деңгейде қолданба жазуды үйренгің келсе, онда саған арнайы ұсынысым бар. Ол Мобилді қолданбаны жасау курсы

Осы курс барысында біз Google компаниясы шығарған Flutter құралын үйренетін боламыз. Flutter көмегімен біз бір ғана код жазып, одан Android және iOs қолданбаларын генерациялай аламыз.

Курс екі деңгейден тұрады. Beginner және Intermediate

Beginner курсы

  • Flutter деген не? Оның қандай артықшылықтары бар?
  • Dart бағдарламалау тілін үйрену

Калькулятор мобилді қолданбасын жасау.

  • Мәліметтерді телефонға сақтау. Бұл арқылы мобилді қолданба мәліметтерді телефонға сақтап, оффлайн түрінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE sql операцияларын үйренеміз.

To Do List қолданбасын жасауды үйрену. Бұл қолданба арқылы біз қандай әстерді жасау керек екенін тізімге қосып, олардың статусын қадағалай аламыз. Бұл қолданба CRUD, яғни Create, Read, Update, Delete (Құру, оқу, жаңарту және өшіру) операцияларының ерекшеліктерін түсіну үшін өте маңызды.

Git қолдануды үйрену. Ол арқылы бірнеше программалаушы бір жобаны жасай алады. Қатені кім және қай кезде жасағанын тауып, жұмыс істеп тұрған нұсқаны қайтаруға болады.

HTTP сұрауларын үйрену. REST деген не? API дегеніміз не? Ол арқылы мобилді қолданба интернет арқылы мәліметтерді қалай алатынын үйренеміз. Сонымен қатар GET, POST, PUT және DELETE командаларының ерекшеліктерін үйренеміз. Бұл білім backend-пен және Backend әзірлеушімен жұмысты жеңілдету үшін керек. Жалпы мобилді қолданбаны жасайтын программалаушы жалғыз өзі жұмыс істей бермейді. Көбіне Backend әзірлеушімен бірігіп жұмыс жасайды. Сондықтан сол маманмен жеңіл тіл табысу үшін осы білім өте маңызды.

Күн райын көрсететін қолданба жасау. Ол интернет арқылы метеостанцияларға қосылып, күн райы жайында мәліметтерді жүктеп, телефонның бетіне шығарады.

Intermediate курсы

Бұл курсты Beginner деңгейін өтіп, білімін әрі қарай жетілдіремін деген адамдарға арналған.

Бұл курс барысында біз TikTok қолданбасының клонын жасауды үйренеміз.

Жобаны жасау үшін келесі компоненттерді қолданамыз:

Firebase Authentication — қолданушыларды тіркеу үшін қолданамыз.

Firebase Firestore — мәліметтерді сақтау үшін қолданамыз

Firebase Storage — видеоны қалай жүктеп, оларды қалай қолданбаға тартуға болатынын қарастырамыз

GetX — мобилді қолданбаның күйін басқаруға арналған фреймуоркты үйренеміз

Сұрақтар бойынша gmyrzamuratov@gmail.com хабарлассаңыз болады.

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *