Сіз машиналық оқыту жайлы жан-жақтан естіп, бірақ оның не екенін толыққанды түсінбей жүрсіз бе? Әлде әріптестермен осы тақырыпта әңгімелесе алмағаннан ұяласыз ба? Онда бұл жағдайды өзгертейік.
Бұл нұсқаулық машиналық оқыту тақырыбына қызығатын, бірақ оқуды қай жерден бастауды білмей жүрген жандарға арналған. Көптеген адамдар уикипедия парақшасын оқып, дым түсінбегесін, түсінікті тілмен түсіндіретін мақаланы күтіп жүргені аңық. Осы мақала соларға арналған.
Басты мақсат көпшілікке түсінікті тілмен жеткізу болғандықтан, көптеген түсініктер жалпылама түрде беріледі.
Машиналық оқыту деген не?
Машиналық оқыту – ол әр мәселеге арнайы код жазуды қажет етпейтін, деректер жиынтығына қарап сізге қызықты ақпаратты қорытып бере алатын жалпы алгоритм идеясы. Код жазудың орнына сіз сол жалпы алгоритмге мәліметтерді бересіз, ал ол болса сол деректерге сүйене отырып өзінің жұмыс істеу логикасын құрады.
Осы алгоритмнің бір түрі ретінде классификациялау алгоритмін келтіруге болады. Ол мәліметтерді әр түрлі топқа бөле алады.
Бір классификациялау алгоритмі кодты өзгертусіз-ақ, қолмен жазылған санды тануға, әрі email xаттарын спам/спам емес етіп бөлуге қолданыла алады. Екеуі де бір алгоритм, бірақ оқыту деректері әртүрлі болғандықтан, әртүрлі классификациялау логикасымен жұмыс жасайды.
Бұл машиналық оқыту алгоритмі қара қорап тәріздес. Әр түрлі классификациялау мәселесін шешуге қайта қолданыла алады.
Машиналық оқыту осындай көптеген жалпы алгоритмдерді біріктіретін термин.
Келесі мақала:
Машиналық оқуты алгоритмдерінің түрлері