Осы сабақта біз HTML қарапайым түрін өтеміз.
Сіз өтпеген тегтерді кездестірсеңіз, уайымдамаңыз. Бәрін түсіндіреміз
HTML Document
Барлық HTML документ <!DOCTYPE html> декларациясынан бастлуы керек.
Ал документтің өзі <html> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталуы керек.
HTML документтің көрінетін бөлігі <body>тегімен басталып, </body> тегімен аяқталады.
Мысал
<!DOCTYPE html>
<html>
<body>
<h1>My First Heading</h1>
<p>My first paragraph.</p>
</body>
</html>
<!DOCTYPE html> декларациясы
<!DOCTYPE html> декларациясы браузерге бұл құжаттың қай түрі екенін анықтауға көмектеседі. Құжаттың түрін анықтағаннан кейін, браузер контентті қалай көрсету керектігін біледі.
Ол тек бір рет қана көрсетілуі керек. Барлық тегтердің алдында болады.
<!DOCTYPE html> регистрге сезімтал емес
HTML5-ке арналған <!DOCTYPE html>
<!DOCTYPE html>
HTML тақырыптары
HTML тақырыптары <h1> мен <h6> аралығындағы тегтермен анықталады
<h1> ең маңызды тақырыпты көрсетсе, ал <h6> маңыздылығы ең төмен тақырыпты көрсетеді
<h1>This is heading 1</h1>
<h2>This is heading 2</h2>
<h3>This is heading 3</h3>
HTML параграфтары
HTML-де параграфтар <p> тегі арқылы анықталады
Мысалы
<p>This is a paragraph.</p>
<p>This is another paragraph.</p>
HTML сілтемелері
<a href="https://myrzamurat.kz">Бұл сілтеме</a>
Сілтеме қайда апаратыны href атрибуты арқылы көрсетіледі
Атрибут html елементі жайлы қосымша ақпаратты көрсеті үшін қолданылады
Сіз атрибуттар жайлы алдағы сабақтарда білетін боласыздар