HTML – веб-беттерді жасауға арналған стандартты белгілеу тілі.
HTML дегеніміз не?
HTML — веб беттің құрылымын сипаттайды.
HTML — Hyper Text Markup Language (Гипермәтіндік белгілеу тілі)
HTML — әртүрлі елементтерден тұрады
Қарапайым HTML документ
<!DOCTYPE html>
<html>
<head>
<title>Page Title</title>
</head>
<body>
<h1>My First Heading</h1>
<p>My first paragraph.</p>
</body>
</html>
Бұл жерде
<!DOCTYPE html> бұл документ html5 екенін көрсетеді
<html> HTML беттің түбірі
<head> веб парақша жайында мета мәліметтерді қамтиді
<title> веб парақшаның тақырыбын сақтайды. Ол браузерде және Google сияқты іздеу жүйелерінің нәтижелерінде шығады
<body> элемент құжаттың негізгі бөлігін анықтайды және тақырыптар, абзацтар, суреттер, гиперсілтемелер, кестелер, тізімдер және т.б. сияқты барлық көрінетін мазмұнға арналған контейнер болып табылады.
<h1> негізгі тақырыпты сипаттайды
<p> параграфты сипаттайды