HTML елемент басталу тегімен, контентпен жәні аяқталу тегімен анықталады.
HTML елементтер
HTML елемент деп ашу тегімен жабу тегінің арасындағы барлығы
<Ашу тегі>Контент...</Жабу тегі>
Кей HTML елементтің мысалдары
<h1>Менің алғашқы тақырыбым</h1>
<p>Менің алғашқы параграфым</p>
Кей HTML елементтің контенті болмайды. Мысалы <br>. Бұл елементтер бос елемент деп аталады. Бос елементте жабу тегі болмайды.
Кірістірілген HTML елементтер
HTML елементтер кірісітірілген болуы мүмкін. Яғни, бір HTML елементтің ішінде басқа HTML елементі болуы мүмкін.
Барлық HTML құжаттар кірістірілген HTML елементтерден тұрады
Төмендегі мысалда келтірілген HTML құжатта төрт HTML елементі бар
<!DOCTYPE html>
<html>
<body>
<h1>Менің алғашқы тақырыбым</h1>
<p>Менің алғашқы параграфым</p>
</body>
</html>
Мысалды түсіндіре кетейік
<html> түбірлік елемент болып табылады. Ол бүкіл HTML құжатын жариялайды.
Оның <html> ашу тегімен </html> жабу тегі бар.
Ал <html> тегінің ішінде <body> елементі бар.
<body>
<h1>Менің алғашқы тақырыбым</h1>
<p>Менің алғашқы параграфым</p>
</body>
<body> елементі құжаттың денесін жариялайды.
Оның <body> ашу тегімен </body> жабу тегі бар.
Ал <body> елементінің ішінде екі <h1> және <p> тегтері бар.
<h1>Менің алғашқы тақырыбым</h1>
<p>Менің алғашқы параграфым</p>
<h1> тақырыпты жариялайды.
Оның <h1> ашу тегімен </h1> жабу тегі бар.
<h1>Менің алғашқы тақырыбым</h1>
<p> елементі параграфты жариялайды
Оның <p> ашу тегімен </p> жабу тегі бар.
<p>Менің алғашқы параграфым</p>
Жабу тегін қосуды ұмытпаңыздар
Кей HTML елементтер жабу тегін қосуды ұмытсаңыз да, дұрыс бейнеленеді.
<html>
<body>
<p>Бұл параграф
<p>Бұл параграф
</body>
</html>
Алайда, жабу тегін қосуды ұмытпаған дұрыс. Себебі кездейсоқ жағдайлар болып қалуы мүмкін.
Бос HTML елементтер
Контенті жоқ елементтер бос елементтер деп аталады
<br> тегі келесі жолға өтуді жариялайды және оның жабу тегі жоқ.
<p>Бұл <br> келесі жолға өту тегі бар параграф</p>
HTML регистрге сезімтал емес
HTML тегтер регистрге сезімтал емес. Оны <P> деп жазасыз ба, әлде <p> деп жазасыз ба, ешқандай айырмашылығы жоқ.
Тегтер регистрге сезімтал болмағанымен HTML елементтерді кіші әріптермен жазуға кеңес берер едік.