Коммент C# кодын түсіндіруге және кодтың оқылуын жеңілдетуге қолданылады. Сонымен қатар оны сынақтан өткізу барысында кодты орындауды болдырмау үшін де қолданады.

Бір жолды коммент

Бір жолды коммент екі слешпен (//) басталады

// таңбаларынан бастап жолдың аяғына дейін C# оқымайды (орындамайды)

Бір жолды комменттің мысалы

// Бұл коммент
Console.WriteLine("Hello World!");

Ал бұл коммент кодтан кейін қолданылып тұр

Console.WriteLine("Hello World!"); // Бұл да коммент

Көп жолды коммент

Көп жолды коммент /* басталып */ аяқталады

/* және */ арасындағы кез келген мәтінді C# ескермейді

Мысал

/* Төмендегі код дисплейге
Hello World! мәтінін шығарады*/
Console.WriteLine("Hello World!");

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *