Типті түрлендіру деп бір типтегі мәнді басқа типке меншіктеуді атайды.

C# тілінде түрлендірудің екі түрі бар:

Жасырын түрлендіру (аутоматты түрде) — кішірек типтерді үлкенірек типтерге түрлендіру

char -> int -> long -> float -> double

Айқын түрлендіру (қолмен) — үлкенірек өлшемдегі типті кіші өлшемдегі типке түрлендіру

double -> float -> long -> int -> char

Жасырын түрлендіру

Кіші өлшемдегі типті үлкен өлшемдегі типке түрлендіру кезінде Жасырын түрлендіру орын алады. Ол аутоматты түрде жүреді.

Мысалы

int myInt = 9;
double myDouble = myInt;       // int типін double типіне түрлендіру аутоматты түрде жүрді

Console.WriteLine(myInt);      // 9 шығады
Console.WriteLine(myDouble);   // 9 шығады

Айқын түрлендіру

Айқын түрлендіруді орындау үшін типті жақшаға алып, мәннің алдына қою керек.

Мысалы

double myDouble = 9.78;
int myInt = (int) myDouble;    // double типін int типіне айқын түрде түрлендірдік

Console.WriteLine(myDouble);   // Нәтижесі 9.78
Console.WriteLine(myInt);      // Нәтижесі 9

Типті түрлендіру методтары

Convert.ToBoolean, Convert.ToDouble, Convert.ToString, Convert.ToInt32 (int) және Convert.ToInt64 (long) методтарын қолдану арқылы да айқын түрлендіруді орындауға болады.

Мысалы

int myInt = 10;
double myDouble = 5.25;
bool myBool = true;

Console.WriteLine(Convert.ToString(myInt));    // int типін string типіне түрлендіру
Console.WriteLine(Convert.ToDouble(myInt));    // int типін double типіне түрлендіру
Console.WriteLine(Convert.ToInt32(myDouble));  // double типін int типіне түрлендіру
Console.WriteLine(Convert.ToString(myBool));   // bool типін string типіне түрлендіру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *