Салыстыру операторы екі мәнді не айнымалыны салыстыруға қолданылады. Бұл концепция өте маңызды. Ол арқылы біз дұрыс жауапты тауып, шешім қабылдай аламыз.

Салыстыру екі мәнді ғана қайтарады, ол True немесе False. Бұл мәндер логикалық типтер болып табылады.

Келесі мысалды біз үлкенірек > операторын қолданып, 5 мәні 3 мәнінен үлкенірек екенін таптық

int x = 5;
int y = 3;
Console.WriteLine(x > y); // 5 мәні 3 мәнінен үлкенірек болғандықтан True қайтарады

Барлық салыстыру операторларының тізімі

ОператорАтыМысал
==теңx == y
!=тең емесx != y
>үлкенірекx > y
<кішірекx < y
>=үлкенірек не теңx >= y
<=кішірек не теңx <= y

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *