Console.WriteLine() ақпаратты дисплейге шығаруға арналғандығы жайлы оқыған болатынсыздар.

Ал енді біз пайдаланушының енгізген ақпаратты қабылдау үшін Console.ReadLine() қолданатын боламыз.

Төмендегі мысалда қолданушы өзінің атын енгізіп, сол мәліметті userName айнымалысына меншіктейтін боламыз. Ат енгізілгеннен кейін userName мәнін дисплейге шығарамыз.

Мысал

// Атыңызды енгізіп, ENTER батырмасын басыңыз
Console.WriteLine("Atynyzdy engizinizshi:");

// Пернетақтамен енгізілген атыңызды осы айнымалыда сақтаймыз
string userName = Console.ReadLine();

// userName айнымалының мәнін дисплейге шығарамыз
Console.WriteLine("Sizdin atynyz: " + userName);

Console.ReadLine() тек қана string типіндегі мәліметті қайтарады. Сондықтан сіз басқа типтегі ақпаратты оқи алмайсыз. Төмендегі мысалда int типті мәліметті алуға тырысу қате тудырады

Мысал

Console.WriteLine("Zhasynyzdy engiziniz:");
int age = Console.ReadLine();
Console.WriteLine("Sizdin zhasynyz: " + age);

Нәтижесінде төмендегі қаты шығады

Cannot implicitly convert type 'string' to 'int'

Яғни, string типін жасырын түрде int типіне түрлендіре алмайсыз. Бірақ, C# Типті түрлендіру сабағында өткеніміздей, Convert.To… командасын қолдана аламыз.

Мысалы

Console.WriteLine("Zhasynyzdy engiziniz:");
int age = Convert.ToInt32(Console.ReadLine());
Console.WriteLine("Sizdin zhasynyz: " + age);

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *