C# тілінің Math дерекханасы сандармен алуан түрлі математикалық операцияларды орындауға мүмкіндік береді.
Math.Max(x,y)
Math.Max(x,y) методы x және y ішіндегі ең үлкен мәнді табуға мүмкіндік береді.
Мысал
Math.Max(5, 10);
Бұл команда 10 мәнін қайтарады
Math.Min(x,y)
Math.Min(x,y) методын қолдану арқылы x пен у-нің ең төменгі мәнін табуға болады:
Мысал
Math.Min(5, 10);
Бұл команда 5 мәнін қайтарады
Math.Sqrt(x)
x-тің квадрат түбірін табуға мүмкіндік береді
Мысал
Math.Sqrt(64);
Бұл команда 8 мәнін қайтарады
Math.Abs(x)
x-тің абсолют мәнін қайтарады
Мысал
Math.Abs(-4.7);
Бұл команда 4.7 мәнін қайтарады
Math.Round(x)
x-ті дөңгелектейді
Мысал
Math.Round(9.99);
Нәтижесінде 10 қайтарады