Барлық айнымалылар бірегей атпен аталуы керек.
Осы бірегей атты идентификатор деп атайды
Идентификаторлар қысқа (x және y сияқты) болуы мүмкін, немесе ұзын, әрі мағыналы (age, city, phone және т.б.) болуы мүмкін
Кеңес. Мағыналы ат берген дұрыс. Себебі кейін сол кодты түсінуге де, әрі қарай дамытуға да жеңіл болады.
// Тамаша
int minutesPerHour = 60;
// OK, бірақ m деген не екенін түсіну қиың
int m = 60;
Айнымалыға атау беру ережелері мынадай:
- айнымалының аты сандар мен әріптерден және төменгі сызықша белгісінен (_) құрала алады
- айнымалының аты әріптен басталуы керек
- айнымалының аты кіші әріппен басталғаны дұрыс. Бірақ міндетті емес.
- айнымалының атында бос орын (whitespace) болмауы керек
- айнымалының аты регистрге сезімтал. Сондықтан myVar және MyVar екі түрлі айнымалы болып саналады
- int, var, if сияқты C# кілтсөздері айнымалының аты ретінде қолданыла алмайды.