+ операторы екі string айнымалыларын біріктіруге қолданыла алады. Оны конкатенация деп атайды.

Мысалы:

string firstName = "Asqar ";
string lastName = "Jumadildayev";
string name = firstName + lastName;
Console.WriteLine(name);

Нәтижесінде консол бетіне «Asqar Jumadildayev» мәтіні шығады.

Екі string айнымалысын конкатенация жасау үшін string.Concat() методын қолдануға да болады.

Мысалы

string firstName = "Asqar ";
string lastName = "Jumadildayev";
string name = string.Concat(firstName, lastName);
Console.WriteLine(name);

Нәтижесі дәл жоғарыдағыдай «Asqar Jumadildayev»

Сандар мен String мәндерін қосу

Естеріңізде болсын!

C# тілі + операторын қосу үшін де, конкатенация жасау үшін де қолданады.

Бірақ, сандар үшін қосу арифметикалық операциясы орындалса, string мәні үшін конкатенация орындалады.

Мысалы

Егер екі санды қоссаңыз, нәтижесінде екі санның қосындысы шығады.

int x = 10;
int y = 20;
int z = x + y;  // z мәні 30 болады (integer/сан)

Ал егер екі string мәнін қоссаңыз, нәтижесінде конкатенация болады

string x = "10";
string y = "20";
string z = x + y;  // z v2y3 1020 болады (өйткені типі string)

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған