Айнымалылар жайлы мақалада айтылғандай, айнымалының белгілі бір типі болу керек
int myNum = 5; // Integer (Бүтін сан)
double myDoubleNum = 5.99D; // Бөлшек сан
char myLetter = 'D'; // Таңба
bool myBool = true; // Логикалық
string myText = "Salem"; // Мәтін
Деректер типі айнымалы сақтай алатын мәліметтің өлшемі мен түрін анықтайды
Уақытты, жадыны үнемдеу үшін және қателерден аулақ болу үшін айнымалығы дұрыс типті қойған дұрыс. Келесі деректер типі бар:
Деректер типі | Жадыда алатын орны | Сипаттамасы |
int | 4 байт | -2 147 483 648 бен 2 147 483 647 аралығындағы бүтін сандарды сақтай алады |
long | 8 байт | -9 223 372 036 854 775 808 бен 9 223 372 036 854 775 807 арасындағы бүтін сандарды сақтай алады |
float | 4 байт | Бөлшек сандарды сақтайды. 6-дан 7-ге дейінгі ондық сандарды сақтау үшін жеткілікті |
double | 8 байт | Бөлшек сандарды сақтайды. 15-ке дейінгі ондық сандарды сақтау үшін жеткілікті |
bool | 1 бит | true немесе false сақтайды |
char | 2 байт | Бір ғана таңбаны сақтай алады |
string | әр таңбаға 2 байттан | Таңбалар тізбегін сақтайды |
Сандар
Сандық типтер екі топқа бөлінеді:
- Бүтін сандар типі. Позитивті немесе негативті сандарды сақтайды. long және int осы топқа кіреді
- Бөлшек сандар типі. Олар үтірден кейінгі сандарды сақтай алады. Мысал ретінде double, foat типтерін келтіруге болады
Бүтін сандар типі
int
Int типі -2147483648 және 2147483647 аралығындағы бүтін сандарды сақтай алады
int myNum = 100000;
Console.WriteLine(myNum);
long
long типі -9223372036854775808 және 9223372036854775807 аралығындағы бүтін сандарды сақтай алады. Әдетте int типі сақтай алатын сандардан тыс санды сақтау керек кезде қолданылады. Аяғында L таңбасын қою керек
long myNum = 15000000000L;
Console.WriteLine(myNum);
Бөлшек сандар
Үтірден кейінгі сандарды сақтау үшін float не double типтерін қолдану керек. float үшін санның аяқ жағына F белгісі қойылса, ал double типі үшін D белгісі қойылады.
float мысалы
float myNum = 5.75F;
Console.WriteLine(myNum);
double мысалы
double myNum = 19.99D;
Console.WriteLine(myNum);
float типі үтірден кейін 6 санды ғана сақтай алады. Ал double типі 15 санды сыйғызады. Сол үшін егер өте үлкен дәлдікті талап ететін есептеулер болса, онда double типін қолданған дұрыс.
Логикалық тип
Логикалық тип bool кілтсөзі арқылы анықталады. Ол true немесе false мәндерін сақтайды
bool isCSharpFun = true;
bool isFishTasty = false;
Console.WriteLine(isCSharpFun); // True мәнін шығарады
Console.WriteLine(isFishTasty); // False мәнін шығарады
Таңбалар
char типі бір ғана таңбаны сақтауға мүмкіндік береді. Таңба жалғыз тырнақшаға алынады. Мысалы ‘a’ немесе ‘B’
char myGrade = 'B';
Console.WriteLine(myGrade);
Мәтін
string деректер типі мәтінді сақтауға мүмкіндік береді. string мәні қос тырнақшаға алынады
string greeting = "Hello World";
Console.WriteLine(greeting);