Мәтін конкатенациясының басқа түрі — интерполяция. Ол арқылы айнымалының мәнін мәтіндегі плейсхолдер орнына қоюға мүмкіндік береді.

string firstName = "Asqar";
string lastName = "Jumadildayev";
string name = $"My full name is: {firstName} {lastName}";
Console.WriteLine(name);

Нәтижесінде консол бетіне мына мәтін шығады.

My fill name is: Asqar Jumadildayev

Бұл жерде атап кететін жайт, плейсхолдер { және } фигуралық жақшалары арқылы көрсетіледі. Және екі жақшаның арасына айнымалының аты беріледі. Біздің мысалда firstName және lastName.

Сонымен қатар мәтіннің алдына $ белгісі қойылу керек. Онсыз интерполяция орындалмайды.

Мысалы мына код

string firstName = "Asqar";
string lastName = "Jumadildayev";
string name = "My full name is: {firstName} {lastName}";
Console.WriteLine(name);

басқа нәтиже береді

My full name is :{firstName} {lastName}

Себебі біз $ символын мәтіннің алдына қоймадық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *