Біріншіден, осы мақалада біз c#.NET және Visual Studio дегеніміз не және c#.Net көмегімен қандай бағдарламалар түрін жаза алатынымызды қарастыратын боламыз.
C#.NET дегеніміз не?
- C# Web, Console, Windows, Restful Services сияқты бағдараламаларды жазуға мүмкіндік беретін .Net Framework, .Net Core немесе .Net фреймуорктары қолдайтын Microsoft бағдарламалау тірдерінің бірі болып саналады.
- .Net Framework қолдайтын тілдердің ең күштісі болып саналады. Өйткені ол C++, VB.Net және Java тілдерінің барлық мүмкіндіктерін қамтиды. Оған қоса қосымша мүмкіндіктері де бар.
- C# толықтай объектіге бағытталған программалау(ОБП) тілі болып табылады. Ол дегеніміз Абстракция, Инкапсуляция, Мұрагерлік және Полиморфизм болып табылатын ОБП-ның барлық 4 принципын қолдайды деген сөз.
C# көмегімен жазуға болатын бағдарламалар түрі
- Windows бағдарламалары
- Web бағдарламалары
- Restful Web сервистері
- SOAP негізделген сервистер
- Консоль бағдарламалары
- Class Library және т.б.
Visual Studio дегеніміз не?
Visual Studio — Microsoft ұсынатын IDE құралдарының бірі. Оның көмегімен біз программалау, компиляциялау, жариялау және іске қосу сияқты операцияларды жасай аламыз.
Консоль бағдарламасы дегеніміз не?
- Консоль бағдарламасы команда арқылы орындалатын бағдарлама түрін айтады. Программалауды бірінші рет үйреніп жүрген жандарға бағдарламалардың осы түрін жасаудан бастаған дұрыс
- Консоль бағларламалары түс, меню, түйме сияқты графикалық елементтерді қолдамайды.
- cmd сияқты терминал арқылы іске қосылады
C# бағдарламасының құрылымы
Ал енді C# тілінде жазылған бағдарламаның құрылымымен танысайық. Бағдарлама негізінде консоль бағдарламасын алдық.

Бағдарлама құрылымын мына диаграмма арқылы сипаттауға болады

C# регистрге сезімтал тіл болып табылады және әр жолы үтірлі нүкте (;) символымен аяқталуы керек.