Айнымалы мәліметті сақтауға арналған контейнер

C# тілінде айнымалының түрлері көп. Олар кқлтсөзбен анықталады

Мысалы:

int — бүтін сандарды сақтайды. Мысалы -123 немесе 123

double — үтірден кейінгі сандарды сақтай алады. 999.9 немесе -45.3

char — жалғыз таңбаны сақтай алады. Мысалы ‘a’ немесе ‘A’. Char мәні жалғыз тырнақшаға(‘) алынып жазылады

string — мәтінді сақтайды. Мыслаы «Hello World». string мәні қос тырнақшаға(«) алынып жазылады

bool — логикалық true және false мәндерін сақтайды

Айнымалыны жариялау

Айнымалыны жариялау үшін оның типін көрсетіп, оған мән меншіктеу керек

Синтаксис

type variableName = value;

Бұл жерде type — айнымалының типі (мысалы, int немесе string). variableName — айнымалының аты (мысалы, x немесе name). Тең (=) таңбасы айнымалыға мәнді меншіктеу үшін қолданылады.

Мәтінді сақтайтын айнымалыны құру үшін келесі мысалға көз салайық

Мысал

name атты, типі string айнымалы құрып, оған «Abylai» мәнін меншіктейік

string name = "Abylai";

Console.WriteLine(name);

Бүтін санды сақтайтын айнымалыны құру үшін келесі мысалға көз салайық

Мысал

Типі int, аты myNum атты айнымалы құрып, оған 15 мәнін меншіктейік

int myNum = 15;

Console.WriteLine(myNum);

Айнымалыны оған мән меншіктемей-ақ жариялауға болады. Мәнді кейін меншіктеуге болады

Мысалы

int myNum;

myNum = 15;

Console.WriteLine(myNum);

Бар айнымалыға жаңа мән тағайындасаңыз, ол алдыңғы мәнді қайта жазатынын ескеріңіз

Мысал

myName айнымалының мәнін 20-ға өзгертейік

int myNum = 15;

myNum = 20; // myNum мәні енді 20, 15 емес

Console.WriteLine(myNum);

Басқа типтер

Басқа типтегі айнымалылардың мысалын көрсетіп кетейік

Мысал

int myNum = 5;

double myDoubleNum = 5.99D;

char myLetter = 'D';

bool myBool = true;

string myText = "Salem";

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *