Сонымен Google өзінің презентациясын аяқтады. Жаңалықтарға қысқаша тоқталып кетейік:
- Gmail поштасында «Маған жазуға көмектес» жаңа функциясы пайда болады. Сіз ЖИ-ге не керек екенін қысқаша нұсқаулықтар берсеңіз, ол сізге хатты жазып береді.
- Google Photo жылдың соңына дейін Magic Editor нейро торын қосады. Оның көмегімен суреттен артық объектілерді алып тастауға немесе жылжытуға болады (сарқырама көрсетілген суреттегідей)
- 3D карта ірі қалалар үшін кептелістер мен күн райы жайында ақпараттармен толықтырылады
- PaLM 2.0 тілдік моделін көрсетті (Bard сол арқылы жұмыс істейді)
Сонымен қатар Bard ие болған жаңа функцияларды да көрсетті:
- Google шығарған чат ботқа Adobe Firefly қосылады. Оның көмегімен суреттерді генерациялауға болады. Midjourney-ге ұқсас
- Bard жаңа 40 тілді қосады.
- Чатбот 20 бағдарламалау тілдерін үйренді. Ол кодты жазып қана қоймай, әр жол не жасайтынын тәптіштеп түсіндіріп бере алады
- Чатбот компанияның көптеген қызметімен жұмыс істей алатын болады. Мысалы, жасап берген кестені бірнеше клик көмегімен Google Sheets-ке көшіруге болады
- Суреттерді таңу функциясы қосылды