Алқашқы тышқанды 1967 жылы Дуглас Енгелбарт ойлап табылғанымен 1983 жылға дейін өз қолданысын таппаған еді. Алғаш рет Apple компаниясының Lisa компьютерінде қолданылды. Xerox компаниясы Apple компаниясының 100мың акциясын 10$-дан сатып алу мүмкіндігіне айырбастау ретінде тышқанның алғашқы нұсқасын Стив Джобсқа 1979 жылы көрсеткен болатын. Бұл прототип Стив үшін өты қымбат болып көрінді.

Бұл прототипте 3 түймесі болды, өте күрделі, бағасы 300$ болатын. Және бірқалыпты айналмайтын. Xerox PARC-ке екінші рет келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң, Джобс жергілікті IDEO өнеркәсіптік дизайн фирмасына барып, оның негізін қалаушылардың бірі Дин Ховиге 15 доллар тұратын қарапайым бір түйме үлгісін алғысы келетінін айтты.

Компания графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI) бар компьютерді әзірлеуге 150 миллион доллар жұмсады, ал бір данасының бағасы 10 000 доллар болған. Осыншама қымбат баға тұтынушылардың қалтасына ауыр тигендіктен, Lisa компьютері нарықта сәтсіздікке ұшырады. Тек 1984 жылы Apple бірінші Macintosh-ты Lisa бағасының төрттен бір бөлігіне шығарғаннан кейін ғана графикалық интерфейс пен тінтуір адамдардың компьютерлерді пайдалану тәсілін өзгерте бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *