Мына модел Nir Eyal — Hooked кітабынан алынған.
Бұл моделде әлемжелілер қолданушының назарын қалай жаулап, оны ұстап отыратыны көрсетілген. Бұл әдет қалыптастыратын өнімді жасау технологиясы болып саналады. Осыны кезінде өзімнің жобаларымда қолданып көргенмін. Модел шынымен де жұмыс істейді.
Модел бар болғаны төрт қадамнан тұрады:
1. Триггер — қолданушыны әлеумжеліге не әкеледі? — деген сұраққа жауап береді. Мысалы, қызықты ақпарат, іш пысқанда уақытты өткізу және т.б. адамның импульстары. Бастапқыда триггер тек қана «сыртқы триггер» болады. Яғни, әртүрлы жарнамалар арқылы сіздің назарыңызды іліп алып, алғаш рет әлемжелімен қолдануға шақырады.
2. Әрекет — жоғарыда көрсетіліп кеткен мақсатқа жету үшін не істеу керек? — деген сұраққа жауап береді. Мысалы, адамға жарнамада қызық бір ақпарат беруге уәде етілді. Ол үшін қолданушы мобилді қолданбаны смартфонына орнатып, оны іске қосу керек.
3. Сыйақы — осы деңгейде қолданушыға уәде етілген пайдалы, қызықты ақпарат беріледі.
4. Инвестиция — қолданушыға белгілі бір әрекетті істету, уақытын құртқызу. Мысалы, әлемжеліге тіркелу, профайлына сурет салғызу, блогердің арнасына жазылғызу. Осының арқасында қолданушының қайтып келу ықтималдығы артады.
Осындай қадамдар айналымы бірнеше рет жасалғаннан кейін қолданушыда «Ішкі триггер» пайда бола бастайды. Мысалы, ТикТок әлемжелісін қарастырайық. Іш пысқанда TikTok-ты ашып, қызық видео қарадыңыз. Ол үшін басында тек сыртқы триггердің күшімен: жарнама, электрондық хат, Push хабарлама және т.б. келдіңіз.
Бірақ, уақыт өте келе миыңызда нейрондық байланыстар орнап, «Іш пысса -> TikTok-қа кіру керек» деген, ассоцияциясы пайда болады. Ақыры бұл «ішкі триггер»-ге айналып, әлемжеліге деген тәуелділік пайда болады. Енді TikTok қолданбасын жарнамасыз-ақ қолданатын боласыз. Қолданбаға бейсаналы түрде кіретін боласыз.
Павловтың иті деген тәжірибе еріксіз еске түседі екенМына модел Nir Eyal — Hooked кітабынан алынған.

Павловтың иті деген тәжірибе еріксіз еске түседі екен