TheGuardian мәліметі бойынша дәрігерлер ғалымдармен бірлесе отырып жаңа құрал ойлап тапқан екен. Оның көмегімен рак ауруын ерте стадияда жоғары дәлдікпен анықтап, адамды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді екен.

Бұл құралды жасау үшін 500 науқастың өкпелерінің томографиялық суреттері өнделген екен. Бұл құрал адамның көзі байқай бермейтін маңызды ақпаратты бірден анықтай алады.

Осыдан кейін ЖИ моделі қатерлі ісікті қаншалықты дәл анықтай алатынын анықтау үшін сынақтан өткізілді. Болжау дәлдігін анықтау үшін қисық астындағы аймақ (AUC — area under the curve) атты көрсеткіш қолданылды. Егер AUC көрсеткіші 1 болса, модел мінсіз болып саналады, ал 0.5 көрсеткіші модел кездейсоқ нәтиже көрсетіп жатыр дегенді білдіреді. Сынақ нәтижесі моделдің AUC көрсеткіші 0.87 болғанын көрсетіп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *