Уеб девелопмент жолына түскен кезде Backend және Frontend қолданбаның бөлігі деген сөздерді көп еститін боласыздар.

Frontend — ол сайттың беті, яғни қолданушымен әрекетке түсетін бір бөлігі. Ол ақпаратты қолданушыға дұрыс көрсетуге жауапты. Ол қолданушының браузерінде (Google chrome, Safari ж/е т.б.) ашылады. Оған мәтін, сурет, мәзір, видео, дизайн және т.б. кіреді.

Frontend жазылатын тілдер:

HTML

немесе Hyper Text Markup Language. Ол Chrome, Safare және т.б. браузерлерінде сайтты көрсету үшін қолданылатын сайттың құрылымы. Ол мәтін, сурет және сілтемелерден құралады.

CSS

немесе Cascading Style Sheets. Ол уебсайттың сәнін реттеу үшін қолданылады. Мысалы, css көмегімен мәтіннің түсін, көлемін, суреттің өлшемін және т.б. беруге болады.

Javascript

Javascript тілінің көмегімен сайтқа интерактивтілік беріледі. Яғни, жансыз вебсайтты жандандырады. Мысалы, батырманы басқанда, белгілі бір мәтінді жасыру. Немесе, анимация жасау. Осының бәрі javascript тілі арқылы жасалады.

Әдетте Frontend жағын әзірлейтін бағдарламалаушыларды Frontend Developer немесе Frontend әзірлеуші деп атайды.

Frontend фреймуорктары

Әдетте әзірлеуші әр жобаны басынан бастап, қолдан жазып отырмайды. Ол үшін фреймуорк қолданады. Фреймуорк — алдын ала жазылған дерекханалардың жиынтығы. Сол дерекханаларды қолдана отырып, жұмысты жеңілдетуге, әрі жылдамдатуға болады. Себебі әл кодты басынан бастақ жазудың қажеті болмай қалады. Дайын кодты алып, соны жобаға қоса саласыз.

Ең танымал фронтенд фреймуорктарының тізімі:

  • React.JS
  • Angular.JS
  • Flutter
  • Vue.JS
  • JQuery
  • SASS

Backend — ол сайттың көрінбейтін жағы десек те болады. Ол сайттың ақпаратын сақтайды, өңдейді. Frontend жақтан келген сұрауларға жауап береді. Ол әдетте серверде орналасады.

Backend тілдері

Бекенд те фронтенд сияқты бағдарламалау тілдерімен жазылады. Солардың ең атақтысын көрсетіп кетейік:

  • PHP
  • Python
  • C#
  • Java
  • Javascript

Backend фреймуорктары

Бекенд әзірлеу үшін де фреймуорктар қолданылады. Олардың тізімін де көрсетіп кетейін

  • Django — Python тілінде жазылған атақты фреймуорк
  • Asp.Net Core — C# тілінде жазылған фреймуорк
  • Laravel — PHP тілінде жазылған
  • Spring Boot — Java тілінде жазылған фреймуорк

Бекенд әзірлейтін бағдарламалаушыны Backend Developer немесе Бекенд әзірлеуші деп атайды. Сонымен қатар Фронтендті де, Бекендті де әзірлейтін бағдарламалаушылар болады. Оларды — Full Stack Developer немесе Фулл Стек әзірлеуші деп атайды. Ол фронтенд жағын да, бекенд жағын да кодтай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *